Аудан басшысы Т.Төреғалиев Жырақұдық орта мектебін аралады. Күрделі жөндеуді қажет ететін мектепте қазіргі таңда 81 бала білім алып жатыр. Қособа ауылдық округі әкімі Ж.Сатаев жыл басынан бері атқарылып келе жатырған жұмыстар туралы баяндап өтті. Аудандық электр торабы басшысы Ж.Молдашев Қособа ауылындағы тозығы жетіп тұрған бағаналарды ауыстыру жұмысы 2018 жылға жоспарланып жатырғанын атап өтті. Сонымен қатар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобильді жолдар бөлімінің басшысы М.Қайырғалиевтің қазіргі таңда ауылдық окургтегі жер асты суы қорының аздығына байланысты су беру уақытымен жүргізіліп келе жатырғанын айтты. Алға қарай бұл мәселені шешу жолдары қарастырылу үстінде. Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Райсов қазіргі таңда ауылдық округ бойынша жалпы саны 19 ірі қара малын бруцеллезден сауықтыру шаралары жүргізіліп жатырғанын және бруцеллез ауруының алдын алу шаралары туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан ауылдық округтердегі электр бағаналарының көбейтілуін және жолдың сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Аудан басшысы Төлеген Серікқалиұлы ауылдағы қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді шешуді қарастыратынын айтты.