Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, аудан көлемінде волейболды кеңінен дамыту, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында аудан әкімінің ауыспалы кубогіне арналған волейболдан жарыс оздырылды. Ашылу салтанатында аудан әкімі Т.Төреғалиев қатысушы командалардыжәне жанкүйерлерді мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Волейбол жарысына 12 команда қатысты. Бұл әрине біз үшін қуантарлық жағдай.Себебі аудан көлемінде, сонымен қатар, ауылдық округтерде волейбол ойынына қызығушылық танытатын жастардың көбейіп келе жатырғандығының бір белгісі. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, қорытынды ойында Бұлан ауылдық окургінің командасы жүлделі 3 орынды иемденсе, Қособа ауылдық округі командасы 2 орынды, оза шауып, алға суырылып щыққан Аралтөбе ауылдық округінің командасы жүлделі 1 орынды және аудан әкімінің ауыспалы кубогін қанжығасына байлады. Жеңімпаздарды «Қайсар» спорт клубының директоры Б.Ихсанов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпейсов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев арнайы алғыс хаттармен марапаттады.