Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев бүгін ашық есік күні сапарымен Жетікөл ауылдық округінде болды. Аудан басшысы биыл күрделі жөндеуден өткен Сырым орта мектебін аралады. Мектептің шеберханасы, интернаты, спорт залы, асханасы мен музейінің жұмыс барысымен танысты.

Ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімі ауыл тұрғындарымен жүздесті. Жетікөл ауылдық округінің әкімі Салауат Ғабдуллин жыл басынан бері округ бойынша тындырылған жұмыстар жайында хабарлады. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев ауданда қолға алынған іргелі істермен таныстырды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеткен жетістіктерімізді атады.
Ауыл халқының аудан басшысына деген сауалдары болмады. Округтің орталығы Қосаралға «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Боқай нүктесінен әр үйге су әкелу үшін биыл желтоқсанда жоба аяқталады. Қаңтар-ақпан айларында қорытындысы шығып, онан кейін су құбырын тарту жұмыстары басталатынын айтты Төлеген Серікқалиұлы.

Т.Төреғалиев Қосарал ауылында тұратын 104 жастағы әже Қамида Несипованың шаңырағына бас сұғып, сәлем бере барды