Шараның бірінші бөлімі орталық стадионнан орталық алаңға дейін жүгіру марафонынан басталды.Марафонның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау. Шараның екінші бөлімі аудан орталығы және ауылдық округтердің ауыл шаруашылық өнімдерінен,яғни ет,сүт өнімдерінен және қолөнер бұйымдарынан құралған жәрмеңкемен жалғасты. Шараның қорытынды бөлімінде аудан әкімі Т.Төреғалиев аудан жұртшылығын мерекемен құттықтады. Аудан басшысы Елбасының халықты топтастырып, жасампаздыққа бастайтын позитивті идеяларымен және өзінің ел үшін аянбас еңбегімен тәуелсіз мемлекет құрғандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар "Ер дәулеті-еңбек"демекші, ауыл шаруашылық жәрмеңкесінің жабылу салтанаты бүгінгі мерекемен тұспа тұс келді.Біздің ауданымыздың ауыл шаруашылық саласы үлкен жетістіктерге ие. Осыған орай ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне белсене қатысқан бірқатар азаматшаларды аудан әкімі арнайы алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.Шара соңында жүгіру марафонында көзге түскен ардагер спортшы Е.Шуреновты, ең жас спортшы Т.Төлеуовты, белсене қатысқан Боранқұловтар отбасын және Жаханша орта мектебі ұжымын, ветсанитария ұжымын "Қайсар" спорт клубының директоры Б.Ихсанов сыйлықтармен марапаттады. Жəрмеңке аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасын тапты