Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында аудандық әкім аппаратының үлкен мәжіліс залында Сырым ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізілді. Конкурсты жер қатынастары бөлімі ұйымдастырды, аудан бойынша конкурсқа барлығы 6 жер учаскесі шығарылса, соның ішінде 3 жер учаскесіне жерді жалға алушы анықталды. Босалқы жер учаскелерін конкурс арқылы беру жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.