Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Жымпиты ауылының тұрғыны Гүлзада Хансұлтанованы шаңырағына барып, мерейлі 90 жасқа толуымен арнайы құттықтады. Құттықтаушылар қатарында аудандық және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары Әнуарбек Ғалымов пен Ғилаж Қаналиев бар.

Гүлзада Хансұлтанова 1928 жылы ауданға қарасты Көздіғара елді-мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын бұрынғы Маркс ауылдық советіндегі (қазіргі Жосалы ауылдық округі) бастауыш мектепте мұғалім болып бастаған. Кейінгі жылдары зейнет жасына шыққанға дейін Жымпиты аудандық партия комитетінде кадр бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Көп балалы ана.
Аудан басшысы Төлеген Төреғалиев өзінің сөзінде Гүлзада әжеміздің еңбек адамы ретінде елде құрметті орыны бар екенін айтты. Кейін, арнайы құттықтау хатын тапсырып, мерейлі жас иесіне қамзол мен жаулық жапты.