Оңалту тобының балаларын үйден қызмет көрсету бөлімшесінің басшысы Д.Сатангалиева мен «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Тлегенова салтанатты түрде құттықтады.

Жалпы шараның мақсаты балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлау, түрлі сұрақтар қою арқылы, ойындар ойнату арқылы балалардың ойлау жүйесін дамыту.Мерекелік шыршаға әр түрлі ертегі кейіпкерлері қатысып, көрініс қойылды. Балалар мерекелік ән айтып, би билеп, тақпақтар айтты. Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтар табыс етті. Жаңа жылдық мерекенің өтуіне «Нұр Шуағы» қоғамдық бірлестігімен қатар, «Альбина» дүкені иесі Г.Тажаякова, «Айару» дүкені иесі Н.Махметова және «Мерей» мейрамханасының иесі Д.Рақымжанова балаларға арналған тәтті сыйлықтар мен тәттә үстелге демеушілік көрсетті. Бала біздің болашағымыз десек, болашағымыздың жарқын болуы үшін аянбай тер төгіп, еңбек қылмақ керек. Бұл жолда үйден қызмет көрсету орталығы мен "Нұр шуағы"ҚБ мамандарының еңбегі зор.