Сессияның күн тәртібіне 2018 -2020 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округтердің бюджеті туралы мәселе қаралды. Хабарламаны аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мұса Шалабаев жасады. Сырым ауданы бойынша аудан орталығы Жымпиты мен Бұлдырты ауылдық округі 2018 жылдан бастап дербес бюджетке ие болады. 

Осы сессияда жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған іс шаралар жоспары да бекітілді. 
Жиналыс жұмысын аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов қорытындылады. Сессия төрағасының шешімімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліске қойылды.