Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Өркен Әменов, «Жолаушы» мейрамханасының иесі Бақыт Дарғалиева жаңа жылмен құттықтап сөз сөйледі. Демалыс орталығының қызметкерлері ертегі кейіпкерлері болып киініп, театрландырылған көрініс қойды. Аяз ата мен Қарша қыз, Жаңа жыл Ит шараның көркін қыздыра түсті. Балалар өнерлерін ортаға салды. Кәсіпкер Алмагүл Жанғожиева ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарға жаңа жылдық сыйлық жасады. «Жолаушы» мейрамханасы тәтті үстел дайындады.