Өлеңті ауылында әлеуметтік нысан іске қосылғалы бері ауылдың мәдени өмірі де жандана түскені жасырын емес. Әрбір мемлекеттік мерекені аудан орталығымен бірге, Өлеңті ауылында да атап өту кейінгі жылдары жақсы дәстүрге айналды.

Сөзіміздің дәлеліндей, кеше Өлеңті ауылындағы әлеуметтік қызметтер орталығының алаңында жаңажылдық шара өтті. Ауыл тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев құттықтады. 
Кейін жергілікті тұрғындар аудандық демалыс орталығы мекемесінің көркемөнерпаздарының мерекелік бағдарламасына қатысты. Үздік карнавалдық киімнің иелеріне Жымпиты ауылдық округі әкімдігі арнайы сыйлықтар берді.