Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бағытында кеңейтілген аудан активі өтті.  Аудан активінің жиналысына аудан әкімі Т.Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиев, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, ауылдық округ ардагерлері, Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, мекеме басшылары қатысты. Алдымен аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы сөз сөйлеп: - Жолдауда Елбасымыз жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімді екенін жеткізді. Бұл үшін Елбасы атап көрсеткен 10 міндетті шешуге жұмылуымыз керектігін атап көрсетті. Ол біріншіден индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу. Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандартту салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет. 2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустриялардың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек,- дей келе Жолдаудың басты бағыттары туралы кеңінен түсінік берді. «Әнуар» шаруа қожалығының басшысы Б.Бейсенов өз сөзінде Елбасы Жолдауындағы үшінші бағытына «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қақынды дамыту мүмкіндігіне, еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға тоқталып өтті. Яғни, мұнда ауыл шаруашылығына байланысты айтылған. Сондықтанда Жолдауда көрсетілгендей өндірілген өнімді өңдеу жұмысын бірінші кезекте қолға алуымыз керектігін алға тартты. Бұдан кейін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің директоры М.Ақбасов Жолдаудағы жетінші міндет, адами капитал- жаңғыру негізі әлеуметтік білім беру , білім сапасын жаңғырту мәселелеріне хақында сөз қозғаса, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Сырым аудандық филиалы директоры А.Балғалиев Жолдаудың Қазақстан үшін мәні зор екендігін, өнеркәсіптік революция адам өмірінің сан саласын қамтып, адам баласының ақыл – ой санасына да тұрмысы мен ғұрпына да түбегейлі өзгеріс әкелетіндігін тілге тиек етті. Аудандық орталық ауруханасының дәрігер – педиатры М.Саргузиева Елбасы Жолдауына сәйкес қатерлі дерттің біріне айналған онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құруды қолға алу керектігін айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең – кезеңімен көшетінін атап өтті. Актив жиналысын қорытындылаған аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы Елбасымыздың айқындап берген 10 міндетін ауызбіршілікпен атқаруға шақырды.