Бүгін Сырым ауданына ақпараттық-түсіндіру тобы келіп, Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауына қатысты түсінік берді. Ақпараттық-түсіндіру тобы құрамында БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Әлімжан Боранғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Гүлдана Аргенова, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының бас маманы Айболат Сүгірбаев болды. Ақпараттық түсіндіру тобына облыс бойынша 102 адам 12 ауданға бөлінген екен. Біздің ауданға келген топ ауданның Жетікөл, Бұлан, Алғабас,ауылдарында кездесу өткізді.


Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов төрағалық етіп, ауданда қолға алынған іргелі істермен таныстырды.