Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Мұқадес Есламғалиұлы есімінің берілу салтанаты оздырылды. Салтанатты шараға арнайы келген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов,Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі А.Нәріков, досы әрі жұмыстасы Т.Қарасаев, зейнеткер ұстаз З.Бостанова Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектепте орналасқан музейді аралады. Мұражай тарихымен мектеп мақтанышы А.Ниетқалиева таныстырып өтті.Бұл шара "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" атты Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында өтті.

Мектеп мұражайымен танысқаннан соң, қонақтар Алаш қайраткерлеріне арналған және С.Датұлы атындағы тарихи – өлкетану музейін,Алаш саябағын аралады. Мұражайдың қазіргі ахуалымен музей меңгерушісі А.Ойшыбаева егжей – тегжейлі таныстырды. Алаш қайраткерлеріне арналған музейде әр жылдардың айғағы іспеттес қолданыста болған , көненің көзіндей заттай жаңа тарихи жәдігерлермен толықтырылды.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,жерлесіміз Мұқадес Есламғалиұлының есімінің берілу салтанаты аудандық кітапхана ұжымы ұйымдастырған кітап көрмесімен жалғасын тапты. Кітапхана көрмесінде жазушының қаламынан туған туындылары және фотошежірелер көрерменнің назарына ұсынылды.

Салтанатты шараның екінші бөлімі «Жылдар жылжып өтсе де ел есінде» деп аталған әдеби саз кешімен жалғасты. Алғашқы сөзді алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов жерлесіміз, аудармашы Мұқадес Есламғалиұлының есімін алу үлкен жеңіс екендігін атап өтті. Себебі келешек ұрпақ өзі өмірден өтсе де, артына мәңгілік естелік қалдырып кеткен жазушы есімін ұмытпауы тиіс. Қазақ прозасына өзіндік үлес қосқан жазушының «Дүбірлі дала» кітабына негізінен Ақжайық атырабында туған шығармалары енгізілген. Салтанатты шараға арнайы келген қаламгердің досы А.Нәріков пен жұмыстасы Т.Қарасаев, сыныптасы әрі досы З.Бостанова жазушы достары туралы бір үзік естеліктерінен сыр шертіп, ақынға арнау өлеңін оқыды. Айтқали Нәріков өз сөзінде Мұқадес жазушы хақында «Бізді таныстырған – пединститут, табыстырған әдебиетке деген қызығушылық» дей келе, қаламгердің тез ашуланып, тез басылатын және өмірдің қандай қиындығын көрсе де, мойымаған жан екендігін тілге тиек етті. Одан әрі жазушының туыстары Б.Есламғалиев пен Р.Хамза қаламгердің балалық шағы туралы сөз қозғап, жылы естеліктерімен бөлісті. Кеш соңында Мұқадес Есламғалиұлына арналған арнау өлең оқылды. Заманмен үндес, қоғаммен бірге жасайтын, көркемсөз шебері Мұқадестей қаламгердің есімі бірге жасап, ұлықтала бермек. Түптеп келгенде, жазушы шығармашылығы «қазақ әдебиеті» атты киелі шаңырақтың пайдалы бір кірпіші болып қаланғаны, оның есімі болшақ ұрпақтардың жүрегінде мақтанышпен жалғасары сөзсіз. Аталмыш шарамыз Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында атап өтілгенін айтып өткеніміз