Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына арналған аудандық мектеп ұстаздары мен оқушылары арасында III аудандық «Сыр шертеміз тарихтан» фестивалінің гала – концерті оздырылды. Салтанатты шараға аудан басшысы Т.Төреғалиев арнайы қатысты. Аталған фестиваль негізінен эстрадалық әндер (топтық, жекелей), хореография (топтық), аспапта орындау шебері (жекелей, топтық), жазба ақындар мүшәйрасы, ең үздік қойылым, ең үздік көрме және байқаудығ басты жүлдесі «Ең үздік ұжым» номинациясы бойынша бағаланды.

Гала – концерт шымылдығы ЖББ Бұлан орта мектебінің көлеңкелі театрының «Астана – мәңгілік ел ордасы» деп аталған қазақ елінің тарихынан сыр шертетін қойылымымен ашылды. Барша көрерменді сүйсіндірген көлеңкелі театр қойылымы тұңғыш рет саханаланғанына қарамастан өте сәтті шықты. Бұл сөзімізге тамашалауға келген көрермендердің үздіксіз соғылған шапалағы дәлел. Қорытындысына көз жүгіртсек, хореография номинациясы бойынша жүлделі 3 орынмен Бұлан орта мектебі және Ж.Досмұхамедов орта мектебі, жүлделі 2 орынды Қособа орта мектебі мен Бұлдырты орта мектебі, жүлделі 1 орынды Қ.Мырзалиев орта мектебі ұжымы, бас жүлде М.Қаналиев орта мектебі, эстрадалық әндер номинациясы бойынша жүлделі 3 орынды Көздіғара негізгі мектебінің оқушысы Г.Оңғарова, Бұлан орта мектебінен Ғ.Базарбаев, В.Шубин орта мектебінен А.Руденко мен С.Зияденов, жүлделі 2 орынды Жырақұдық орта мектебінің оқушылары Ж.Есет, А.Дарғали, З.Кенжесова, Қызылағаш негізгі мектебінің оқушылары М.Жасенова, З.Балғали, жүлделі 1 орынды А.Жұмағалиев орта мектебінің оқушылары С.Сапин, А.Орынбасар, Г.Қыдырғали, аспапта шебер орындау номинациясы (топтық) жүлделі 3 орынды М.Қаналиев орта мектебінің педагогы Т.Сағынғалиев, оқушысы Т.Мунапи және жеке орындауда Сырым орта мектебінен Г.Хасанова, жүлделі 2 орынды Аралтөбе орта мектебінен А.Мергенов пен М.Мергенов, Қызылағаш негізгі мектебінен Қ.Ғапуров, жүлделі 1 орынды Абай орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары, жазба ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша жүлделі 3 орынды Ж.Досмұхамедов мектебінің педагогі А.Сүлейменова, жүлделі 2 орынды В.Шубин мектебінің оқушысы Н.Нәсіпқалиева, жүлделі 1 орынды Бұлан мектебінің оқушысы Ұ.Бөлекбай, бас жүлдені Сырым орта мектебінің оқушысы Ш.Төкеш, ең үздік қойылым номинациясы бойынша жүлделі 3 орынды Абай орта мектебі ұжымы, жүлдеді 2 орынды Көздіғара негізгі мектебі ұжымы, жүлделі 1 орынды сырым орта мектебі ұжымы, бас жүлде Бұлан орта мектебі, үздік көрме номинациясы бойынша жүлделі 3 орынды В.Шубин орта мектебі, Жамбыл негізгі мектебі, жүлделі 2 орынды Қ.Мырзалиев орта мектебі ұжымы, жүлделі 1 орынды Қособа орта мектебі ұжымы, бас жүлде Қызылағаш негізгі мектебі, хормен ән айту номинациясы бойынша жүлделі 3 орынды Қособа орта мектебі, А.Жұмағалиев орта мектебі, жүлделі 2 орынды Бұлан орта мектебі, Ж.Досмұхамедов орта мектебі ұжымдары, жүлделі 1 орынды Абай орта мектебі ұжымы, бас жүлдені Қ.мырзалиев орта мектебі ұжымы иемденсе, байқаудың басты жүлдесі саналатын, аса белсенділікпен және ауызбіршілікпен қатысқан Бұлан орта мектебінің ұжымы «Ең үздік ұжым» номинациясын қанжығаларына байлады. Сонымен қатар «Әуесқой биші» номинациясы бойынша М.Қаналиев орта мектебінің оқушысы Ө.Әбілқайыр, «Жас күйші» номинациясы бойынша Қ.Мырзалиев орта мектебінің оқушысы Ә.Амандық, «Жас ақын» номинациясы бойынша Аралтөбе орта мектебінің оқушысы А.Қайрова, «Шебер актер» номинациясы бойынша Сырым орта мектебі оқушысы Ш.Төкеш, «Үздік актер» номинациясы бойынша Сырым орта мектебінің педагогы Б.Насиев, «Ағаш шебері» номинациясы бойынша М.Қаналиев орта мектебінің педагогы Н.Хабиев арнайы алғыс хаттармен марапатталды. 

Мархат Тұрланқызы