Жымпиты ауылында сенбі сайын өтетін ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда.

Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асхат Бисенғалиевтің айтуынша, жергілікті тұрғындар көбіне мал етін саудалайтын көрінеді. Сұраныс болғасын, шаруашылықтар, тіпті жеке тұрғындар да аптаның аяғында мал сойып, жәрмеңкеге ет шығаруға асығады.
Бүгін жәрмеңкеге «Хамза» және «Әсем» шаруа қожалықтары өздерінің ет өнімдерін шығарды. Олардың еттің келісі үшін белгілеген бағалары мал етінің әдеттегі қақынан кәдімгідей төмен. Мысалы, бүгін тұрғындар сиыр етінің келісін 1400 теңгеден, ал жылқының етін келісін 1700 теңгеден сатып алды.