Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда «Еңбек шартын жасаңыз» атты республикалық акция басталғаны туралы жариялады.

Аталмыш акцияның міндеттері:
1) еңбек қатынастарын формализациялау, бейресми еңбек қатыстарында тұрған азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту;
2) халықтың жұмыспен бейресми түрде қамтылу фактілеріне теріс көзқарасын қалыптастыру, жұмыс берушілерге және өзін өзі жұмыспен қамтығандарға бару арқылы жұмыспен бейресми түрде қамту қатерлерін бағалау негізінде профилактикалық бақылау жүргізу жолымен, әкімшілік ден қою және бақылау шараларын күшейту;
3) мемлекеттік органдардың, әлеуметтік әріптестердің қатысуымен медиа құралдары арқылы халық арасында ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу.
Қызметкердің құқықтық сауатсыздығын пайдалана отырып, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді болдырмау үшін, жұмыс беруші еңбек келсімшартынсыз немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім негізінде жұмысшылардың еңбегін пайдаланады.
Соңғы екі жыл ішінде еңбек инспекторлары еңбек шартын жасамастан, жұмысшылардың қызметін пайдаланып отырған 60 астам кәсіпкердің әрекетін әшкереледі. Олар, негізінде құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану орындары мен ауыл шаруашылығы саласында еңбектенетіндер.
2017 жылы үй-үйді аралау кезінде зейнетақы жарналары мен салық төлемдерінсіз еңбек етіп жүрген 29 мыңға жуық азамат анықталды.
Бейресми еңбек қатынастары, жұмысшыларға тәуекел болып, келесі еңбек құқықтарынан айырады:
• жалақының мөлшері тұрақты болмайды, жұмыс берушінің еркіне қарай азаюы мүмкін (еңбек шартында еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттар міндетті түрде қарастырылады);
• жұмыс беруші Зейнетақы қорына жарналарды аудармайды, бұл алдағы уақытта зейнетақының мөлшеріне кері әсерін тигізеді;
• әлеуметтік аударымдар мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар жүргізілмейді;
• еңбек кітапшасына істелген жұмыс кезіндегі жазбалар жүргізілмейді;
• жұмыссыздық жағдайында жұмыстың ресімделмеген кезеңі сақтандыру өтіліне есептелмейді, бұл жұмыссыздық бойынша төленетін көмек мөлшері мен төлеміне әсер етеді;
• ауырған жағдайда, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлем ала алмайды;
• өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда, кәсіптік жарақат алғанда сақтандыру төлемдері жүргізілмейді;
• және тағы басқалары.
Адамдарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу жұмыс берушіге де ауқымды әсерін тигізеді.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде айыппұл санкциясы қарастырылған. Бұл ретте санкция дифференциалды.
Айыппұлдың көлемі лауазымды адамға 30 АЕК-ден және ірі бизнес субъектілеріне 150 АЕК дейін (2018 жылы АЕК – 2405 теңге). Бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттерге айыппұл көлемі өсіріліп 60 АЕК-ден 200 АЕК дейінгі аралықты құрайды.
Еңбек шартын жасаспау фактілері орын алған жағдайда, азаматтар 1411 бірыңғай тегін нөміріне немесе БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 188, тел. 50-04-86, 24-23-76, ресми сайт - enbek-bko.gov.kz) хабарласуларына болады.