Аудан бойынша діни экстремизм мен терроризм идеологиясын болдырмау мақсатында ақпараттық түсіндіру тобы Аралтөбе ауылдық округінде болды. Алдымен ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері мектеп оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында оқушыларға дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдары, Ислам дінінің Қазақстанға келуі жайында ақпарат берді. ары қарай АТТ мүшелері аудан тұрғындарымен жүздескен болатын. Тұрғындарға ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдасы түсіндірілді. Сонымен қатар мектеп оқушылары мен тұрғындар тарапынан көкейкесті сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылып, мәлімет алуға арналған сайттардың сілтемелері жазылған жадынамалар таратылды.