Осы аптаның сенбісінен бастап сырымдықтар үшін экологиялық айлық басталады. Бүгін Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов айлықты ұйымдастыру жұмыстары бойынша жиналыс өткізді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасаған Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиев алдағы уақытта қолданысқа енетін аудан бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу нормалары мен жинақталуын анықтау, жинақтау тарифін есептеу, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және көму қызметтерін көрсету жұмыстары туралы да айтып өтті. Қызметтің жаңа әдісі халықты көше мәдениетін ұстануға шақырады. 
Мекеме қызметкерлерінің сенбі күні түске дейін көше тазалауы – сенбілік емес. Сенбілік, жалпы аула мен ауыл тазалығы - әрбір адамның араласатын азаматтық ісі. Барша аудан тұрғындарын өңір тазалығына атсалысуға шақырамыз!

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ