2018 жылдың 20 сәуір күні «Автобус жедел алдын алу шаралары» және Батыс Қазақстан облысы әкімі А.Көлгіновтың бекіткен «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017-2019 жылдарға арналған салықтар жинауды және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді арттырудың жол картасының» 13 тармағы – көлік құралдарына салық төлеуде қарызы бар тұлғаларды аңықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізу, сонымен көліктерді айыппұл тұрақтарына шығаруға сәйкес рейд ұйымдастырылды. Аудан орталығы Жымпиты ауылынан өтетін Самара-Шымкент тас жолы бойында рейд жүргізуге Сырым аудандық кірістер басқармасы мен аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері құрамымен топ құрылған болатын.
Рейдтік шара барысында 20 автокөлік тексеріліп, нәтижесінде салық берешектері бар азаматтарға салықты төлеу жөнінде хабарламалар берілді. Заңсыз адам тасымалдаумен айналысатын көлік иелерін е түсіндіру жұмыстары жүргізілді.