Көршілес Ресей Федерациясының Самара қаласында өткен ІІ халықаралық «Друзья по вдохновению» атты әдеби Пушкин байқауында орыс тілінде өлең шығаруда жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 6 «г» сынып оқушысы Бернар Жолдығали мен 1 «д» сыныбының оқушысы Әлия Сүйінғали жүлделі ІІ орынды иеленді.
Қатысушылар байқауға өлеңдерін жіберіп, кейін марапаттау рәсіміне шақырылды. Байқау қорытындысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Халықаралық додаға Ресейдің Мәскеу қаласынан, Өзбекстаннан, басқа да көршілес елдерден 1000-нан аса жас ақын қатысты. А.С.Пушкиннің «Барышня-крестьянка» шығармасынан оқушылар спектакль қойды.
Жүлдемен оралған Бернар Жолдығалидың ұстазы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Нұрғаным Суюнгалиева болса, Әлия Сүйінғалидың сынып жетекшісі – Венера Жанадилова.