2018 жылдың 30 сәуір-2 мамыр күндері аудандық"Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы"МКҚК-ның үлгілі "Айналайын"би ансамблінің үлкен тобы Алматы қаласында І Халықаралық көпжанрлы "ART Перспектива" байқау-фестивальге қатысып қайтты.

 Байқаудың мақсаты шығармашыл балаларды анықтау және өзге ұлт өкілдерінің ұлттық мәдениетін танып құрметтеу болып табылды. Конкурсқа Ресей және Өзбекстан елдерінен қатысқан 51 қатысушы болды. Сырым ауданынан барған өрендеріміз байқауда "Мереке", "Аңшылар" биін билеп,әділ-қазылардың шешімімен гала концертіне өтті. Байқау нәтижесінде Семей қаласынан келген "Акцент" би тобы эстрадалық бағыт би жанры бойынша бас жүлде алса, Сырым ауданынан барған үлгілі "Айналайын"би ансамблі ұлттық жаңартылған би жанры бойынша жүлделі 1орынға иеленді. Бұл ансамбльді әзірлеуші би жетекшісі Нұрмуханова Гүлшат Нұрболатқызы. Ауданымызға жүлдемен келе жатқан жас шығармашыл жасөспірім қыздарымызға ақ жол тілей отырып,алар асуларыңыз көп болсын демекпіз.