Аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында ҚР "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңына сәйкес аудандық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, мәслихат депутаттары, округ әкімдері, мекеме басшылары, дербес бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ергазиева, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев,аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ө.Әменов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Д.Тайшиев өз салалары бойынша баяндама жасады. Білім беру бөлімінің басшысы З.Ергазиева биылғы жылы ауылдық округтермен, аудан орталығындағы білім ошақтары интернет желісіне қосылғандығын, және оқушылардың білім сапасы жылдан жылға артып келе жатырғандығын, мектеп директорлары түгелдей дерлік білімдерін жетілдіру курстарынан өткендігін тілге тиек етті.Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының аздығы жөніндегі мәселе әлі де кезекте тұрғандығын айтты. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев мекеме қазіргі таңда өзі басқаратын бөлім 9 бағытта жұмыс жасап келе жатқандығын, жылдың әр мезгілдерінде ауданның ішкі-сыртқы тазалық жұмыстарына көліктер уақытылы шығарылып отырғандығын атап өтсе, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ө.Әменов пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Д.Тайшиев сыбайлас-жемқорлыққа қарсы бірқатар шаралар атқарылып, әр ай сайын көше тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратылып, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып отырғандығын айтты.Отырыс барысында баяндамашыларға ұсыныс-пікірлер айтылды. Атап айтсақ,В.И.Шубин және А.Жұмағалиев атындағы орта мектептің терезелерін ауыстыру туралы,оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жайы, және заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілерге тиісті шара қолдану хақында ұсыныстар білдірілді.Аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов аталған ұсыныстарды қаперге алатындықтарын айтты.