Орал қаласында 30 сәуір – 03 мамыр аралығында Самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Рахметова Мейрамгул Қанатқызын еске алуға арналған самбо күресінен 2004-2005 ж.т.жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында IV Республикалық турнир өткізіліп, аталмыш турнирде Сырым ауданының балалар -жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатысып, соның ішінде атап айтар болсақ, Утеген Зерхан (34 кг) жүлделі III орын,Ерболова Амина (40 кг)жүлделі I орын,Берикова Гаухар (55 кг)жүлделі II орын,Кеңесов Талғат (38 кг) жүлделі I орын, Мақсотов Арсен (42 кг) жүлделі III орын,Ергарин Алтынбек (42 кг) жүлделі II орын,Қуанышкеерей Диас (50 кг) жүлделі II орын, Гельманов Диас (54кг) жүлделі I орын,Сүйінғали Мақсат (59кг) жүлделі IIIорын, Жолдығали Мирас (71 кг) жүлделі III орын, Ізбасар Әли (+71 кг) жүлделі II орынды қанжығаларына байлады.Шәкірттерді дайындаған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ержан Чукуров. Жас спортшыларға алда тек сәттілік тіледік. Спорт алаңында қанаттарың талмасын,жас қырандар!