Бүгін 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай "Айбын"әскери -патриоттық сайысы оздырылған болатын. Аталған сайыстың мақсаты, жас жеткіншектердің бойында патриоттық сезімді күшейтіп, әскери өмірге деген қызығушылықтарын ояту.Айта кетейік, жарыс тек әскери бағыттағы бөлімдерден емес, сонымен қатар ұшқыр ойды, білімділікті талап ететін кезеңдерден тұрды. Аудан орталығы мен ауылдық округ мектептерінің оқушыларынан құралған 11 команда бақ сынады. Оқушылардың бойында әскери дайындық пәнін игерудегі белсенділіктері өте жоғары деңгейде екендіктерін аңғартты. Қорытынды есеп бойынша жүлделі 3 орынды Қ.Мырзалиев атындағы мектебі , жүлделі 2 орынды Жырақұдық орта мектебі командасы, жүлделі 1 орынды өзгелерден оқ бойы озып келген А.Жұмағалиев атындағы мектебі командасы қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлық пен және алғыс хаттармен марапатталды. Аталған шараның өтуіне ұйытқы болған аудандық білім беру бөлімі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, "Сырым жастары" жастар ҚБ ұжымдары. Әр бөлімнің 1 орын иегерлері облыстық жарысқа жолдама алды.