2018 жылғы 16 мамырда сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен интернет-конференция өтеді.
Агенттік Төрағасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.
Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.
Сұрақ қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдау қажет.
http://www.kyzmet.gov.kz/…/alik-shpekbaev-provedet-internet…