Шара 1 -  маусым балаларды қорғау күніне орай және жазғы демалыстың ашылуына орай балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Сырым ауданы бойынша келесі жұмыстар ұйымдастырылды.

2018 жыл 1 маусым күні сағат 10.00-де Жымпиты ауылындағы орталық алаңда балаларды қорғау күніне арналған «Салем саған Астана!» атты аудандық мерекелік шара және барлық жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік лагерьлердің ашылу салтанаты оздырылды.

«Салем саған Астана!» атты аудандық мерекелік шарасына мектептерден оқуда жоғары білімділігімен немесе жетістігімен ерекшеленген, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған жанұялардың балалары санатындағы 80 оқушы және ерекше қамқорлықты қажет ететін 20 оқушы қатысты. Және аудан орталығындағы жұртшылық пен 200 –дей балдырғандар көрермен болды.

 Шарада аудандық «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК мен «Балалар саз мектебі» МКҚК  би және аспаптар ұжымдары, және спорттан жетістікке жеткен 40 ер бала шеруге шықты. 

Және шара барысында тақырыптық сурет салу  байқауы өткізілді. Аудандық «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі МКҚК спорттық жарыстар өткізеді.

Шараға қатысқан оқушыларға түске таман тәтті үстелден дәм татты.

Аудан бойынша ашылған барлық лагерьлердің жоспарларына Астана қаласының 20 жылдығына арналған тақырыптар енгізіледі. «Бала және жанұя» тақырыбында сай лагерь демалушыларының туған күндері аталып өтіліп, ата-аналарымен бірге «Толағай», «Денсаулық марафоны» т.б спорттық шаралар өткізілсе,  ай бойына «Балаға дос қала» тақырыбында оқушылар аудан орталығындағы мұражайлар мен Орал қаласына саяхаттарға шығады.