Бүгін аудандық білім беру бөлімінің алдында «Дарынды дарабоз» атты үздік оқушылар тақтасы салтанатты түрде ашылды. Тақтаға республикалық олимпиаданың Қазақстан тарихы пәні бойынша І дәрежелі жеңімпазы, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Альбина Закина (жетекшісі Нұғманова Гүлдана), тарих пәнінен ІІІ орын иегері, Жырақұдық орта мектебінің 11 сынып оқушысы Орынбек Нұрпейісов (жетекшісі Бабашева Райгүл құқық пәні бойынша алғыс хатпен марапатталған Әсем Ұлықпанованың (жетекшісі Нұғманова Гүлдана) суреттері ілінді.
Ауданның абыройын асқақтатқан білімқұмар оқушыларға арналған тақтаның ашылу рәсіміне аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева, ардагер-ұстаз Сәния Отарова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Шәкірттер атынан Альбина Закина лебізін білдірді.