Кеше аудандық дене шынықтыру сауықтыру спорт кешенінде Астана қаласының 20 жылдығына орай Сырым жастарының ауыспалы кубогі үшін оқушылар арасында аудан біріншілігі ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырушы "Сырым жастары" ЖҚБ, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, "Қайсар" спорт клубы. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов қатысып командаларға сәттілік тіледі. Тартысты өткен бәсекеге 9 команда қатысып өзара мықтыны анықтады. Оқушылар арасында өтетін волейбол турнирлерінде алдына жан салмайтын ЖББ Жамбыл НМ бұл жолы да мықты екенін дәлелдеді. Ойын қорытындысы бойынша 3 орынды ЖББ А.Жұмағалиев атындағы Жосалы ОМ, 2 орынды ЖББ Аралтөбе ОМ, 1 орынды ЖББ Жамбыл негізгі мектебі еншілеп Сырым жастарының асыспалы кубогін қанжығасына байлады. Бұл турнир ендігі де жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.