Кеше, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан құрылған дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, "Аңсар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, теолог Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы Сырым ауданы, Жымпиты ауылында болды. Аудандық мешіттің жамағатымен кездесіп, дәстүрлі дін, шариғи амалдарды кеңінен насиxаттап топтық, жекелей түсінік жұмыстарын жүргізді.