Бүгін аудан орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесінің ашылуы болды. Барлық ауылдық округтер өз өнімдерін әкелді. Жәрмеңкеде келісі 2500 теңгеден сары май, 1500 теңгеден қаймақ, 30 теңгеден үйдің жұмыртқасы, литрі 200 теңгеден айран, 200 теңгеден сүт, 800 теңгеден қымыз саттыққа шығарылды. Ірі қара еті келісі 1400 теңгеден, қайнатылған құрт 600 теңгеден, қара балық 600 теңгеден болды. Жоғары сортты 50 келілік ұн 4000 теңгеден сатылды. Құс еті, көжектер, қолөнер бұйымдары да жәрмеңкеге шығарылды. Көкөніс өнімдері де қолжетімді бағамен ұсынылды. Мысалы, картоптың келісі 80 теңгеден болды.
Жәрмеңкенің ашылуында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі. Сатылымға шығарылған өнімдердің бағасымен танысты. «Қайсар» спорт клубы қол күресінен жарыс ұйымдастырып, І орынды А.Қыдырниязов, ІІ орынды Е.Мақашев, ІІІ орынды Н.Байнияз иеленіп, жүлдегерлерге «Қайсар» спорт клубының директоры Б.Ихсанов диплом мен ақшалай сыйлық табыс етті.
Аудандық «Демалыс орталығы» жәрмеңкеге келушілерге әсем әндерінен шағын концерт ұсынды.
Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі әр сенбі сайын жылдың соңына дейін ұйымдастырылып тұратын болады.