Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Алғабас және Шолақаңқаты ауылдық ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесті. Кездесуге мобильді топтың жетекшісі, аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсенов, топ мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Ж.Мурзашев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Шерғалиев қатысты.