Бүгін аудан әкімінің үлкен мәжіліс залында «Ашық әкімдік» атты аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен сала басшыларының бірыңғай қабылдау күні өтті. Алдын ала хабарланған қабылдауға 13 адам келді. Олардың 7-еуі несие, 2-еуі кәсіптік оқу, 1-еуі жер, 2-еуі жұмыс, 1-еуі шипажай мәселесіне қатысты сауалдарын қойды. Қабылдауда болған 13 тұрғынның 5-еуі ауылдық округтерден келді. Толғандырған мәселелері бойынша қабылдауға келген тұрғындарға заңға сәйкес түсінік берілді.