Сырым аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен бүгін «Чек талап ет, жүлде ұтып ал!» акциясы өтті. Бұл акцияға қатысу үшін «Wipon» мобильдік бағдарламасын ұялы телефонға жүктеп, бағдарлама арқылы фискалды түбіртектің суретке түсіріп жіберу керектігін Сырым аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Мирас Мырзахметов түсіндірді. Ағымдағы жылдың 1 мамырынан басталған акция 30 қарашаға дейін жалғасады. Ұтысқа бас жүлдеге автокөлік тігіліп отыр. Ұтыс ойынына тауар алу, қызмет көрсетулер кезінде төленген фискалды түбіртектер қатыстырылады.