Аудандық «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» орталық алаңда жылдық есеп беру концертін өткізді. Балалар «Томпақ» телесериалын сахналап, техинка үйірмесінде жасаған зымырандарын ұшырды. 
Үлгілі «Аружан» би ансамблі Астананың 20 жылдығына орай «Астана» флешмобын биледі. «Жарқын» квартеті «Арман-ай» әнін шырқады. Үлгілі «Айналайын» би ансамблі «Аңшылар» биін, Үлгілі «Аружан» би ансамблі «Джентельмен» биін билеп, республикалық байқауларда жүлдеге ие болған оқушылар терме айтты. Арнайы төселген қызыл кілемшемен Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының жетістіктерге ие болып, аудан, облыс намысын қорғап жүрген шәкірттері жүріп өтті.
Өнерлі өрендердің ата-аналары да назардан тыс қалмай, марапаттарға ие болды. Демеушілік танытып, қолдау көрсетіп жүрген Гүлфия Негметова, Айсұлу Ихсанова есімді кәсіпкерлерді орталықтың директоры Айнұр Мұхамбетжанова марапаттады. Шарада бірқатар шәкірттер де сый-құрметке бөленді. Концертте «Жас ақын, «Жас толқын», «Элита», «Драма» «Вокал» үйірмесінің оқушылары өнерлерін ортаға салып,
көрермендердің ыстық ықыласына кенелді. 
Соңында балалар шар ұшырып, тілектерін тіледі.