«Тамаша» мейрамханасында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет – нұрлы өмір» атты мерекелік шара өтті. Мәдениет саласының ардагерлері, кітапхана қызметкерлері, «Жымпиты», «Бұлан» халық театрларының ұжымы, Үлгілі «Жауқазын», «Аружан», «Айналайын» би ансамбльдері, жас өнерпаздар кезекпен қызыл кілемшемен жүріп өтті. 

Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті. Мәдениет саласының ардагері Төлеген Есмұханов әріптестеріне мерекелік лебізін білдірді. 
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Салауат Нұрпейісов бірқатар мәдениет қызметкерлерін марапаттады.
Кәсіподақ төрайымы Гүлдерайым Опағалиева зейнетке шыққан Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінің қызметкеріне естелік сыйлық табыс етті. Марапаттау рәсімінен соң, ән мен биге кезек беріліп, шара мерекелік концертпен, фуршетпен жалғасты.