Бүгін «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Аталған кеңес жұмысына саяси Кеңес Бюросының мүшелері, бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Күн тәртібіндегі партияның жүйелі жаңғырту жұмыстары және Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында атқарылған жүмыстар айтылды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргожиевтің сөзіне сүйенсек, биылғы жылдан бастап партияның қызметін жаңғырту аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыруға, шағын және орта бизнесті қадағалауға бағытталған жаңа партиялық жобаларды іске асыруда. Отырыс барысында аудандық білім беру бөлімінің маманы М.Қапез, аудандық тұрғын –үй,коммуналдық – шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев әлеуметтік бес бастама аясында өз салалары бойынша баяндама жасады. Жалпы алғанда айта кетсек, облыс бойынша 15 IT класс ашылу жоспарлануда. Соның біреуі биылғы жылғы қыркүйек айында Қ.Мырзалиев атындағы мектепте өз жұмысын бастап, 150 баланы оқыту жоспарлануда. Сонымен қатар облыс бойынша 83 кітапхана онлайн жүйесінде болса, оның 7 – і біздің ауданда жұмыс істеуде. Елбасының бес әлеуметтік бастамасы іске асырудағы қоғамдық бақылау бойынша қоғамдық кеңес құрылып, аудандық іс – шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда. Жиналыс соңында Саяси кеңесте айтылған ұсыныс – пікірлер жинақталып, арнайы қарар қабылданды.