Бүгін Сырым ауданында мектеп түлектері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады.

Тестілеу жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізу үшін ауданға келген ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің өкілдері кеше Жымпитыдағы музейлермен танысты. Олар Ж. Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектеп балабақша кешені мен Қ. Мырзалиев атындағы мектептің ішіндегі музей бөлмелерінде, С. Датұлы атындағы Сырым аудандық тарихи – өлкетану музейінде және Алаш мұражайында болды. 

- Жымпиты туралы, Сырым батырдың елі туралы еститінбіз. Бүгін осы жерді көзбен көрудің сәті түсті. Әрине, қазақтың қай даласында да тарих бар, бірақ Сырым ауданының тарихы ерекше екен.  Музейлеріңіз жәдігерлерге қандай бай? Әсіресе, мектептеріңіздің өзінде мұражай бар. Оны атап кетуге болады. – дейді сапардан алған әсері туралы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің өкілі Қанат Қыпшақбаев. Тестілеу Ж. Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектеп балабақша кешенінің базасында өтеді.