Бүгін Сырым ауданында мектеп түлектері үшін Ұлттың бірыңғай тестілеу басталды. Таңертең №770 ҰБТ өткізу пунктінде ҚР Білім және Ғылым министрлігі өкілдерінің және «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК комиссиясы мүшелерінің қатысуымен сұрақ кітапшаларының қоржыны ашылды.

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзәгүл Ерғазиеваның айтуынша, биыл аудан бойынша тестілеуге 164 түлек қатысуда. Олардың ішінде 17 «Алтын белгі» және 1 «Үздік аттестат» иегері бар. Тестілеуге қатысушы түлектерге Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев сәттілік тіледі.

Тестілеу жұмыстары Ж. Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектеп – балабақша кешенінің базасында, 3 бірдей аудиторияда жүріп жатыр.