Бүгін Сырым ауданында мектеп түлектері үшін өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары белгілі болды. №770 ҰБТ өткізу пунктінің хабарлауынша, Қ. Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Әсем Лұқпанова және Талдыбұлақ орта мектебінің оқушысы Ақмарал Есеева 125 балл жинаған. Бұл көрсеткіштер аудан бойынша әзірге ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Аудан бойынша орташа көрсеткіш 77,52 балды құрады.

Ертең түске дейін апеляциялық комиссия жұмыс жасайды.