Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Өркениеттің өріне қадам бастайтын мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.

23 - маусым Мемлекеттік қызметшілер және Полиция қызметкерлері мерекесіне орай, 50-ге жуық мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің атсалысуымен әр түрлі спорт түрлерінен аудандық спартакиада оздырылды. Спартакиадаға қатысушы мемлекеттік қызметшілер шағын футбол, эстафеталық ойындар,қол күресі, гір тастарын көтеру, үстел теннисі, асық ату сынды спорт түрлері бойынша сынға түсіп,өздерінің тек мемлекеттік қызметте ғана емес, спортта да жүйрік екендіктерін дәлелдеді.

Атаулы мерекеге орай ұйымдастырылған мерекелік шараның екінші бөлімі аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты.Алдымен салтанатты шара аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлының құттықтау сөзінен бастау алды. «Қадірлі мемлекеттік қызметшілер, әріптестер! Құрметті полиция қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен және Полиция күні мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мемлекет атқаратын міндеттері мен мақсаттарын тәжірибеде жеке құрамның, мемлекет қарамағындағы мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің нақты іс-шараларының арқасында іске асырады. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Әрқашан халықтың сенімін ақтай беріңіздер!», - деген тілегін жеткізді.  Салтанатты шара аясында, мемлекеттік қызмет саласында атқарған адал еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілерді аудан әкімі Т.Төреғалиев Алғыс хаттармен марапаттап, жоғарыда атап өткеніміздей спартакиада да топ жарған үздіктерді "Қайсар" спорт клубының директоры Б.Ихсанов пен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы,мемлекеттік қызметшілер кәсіподағы ұйымының төрағасы М.Шалабаев арнайы алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.
Одан әрі салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғасын тапты.