Сырым ауданында саңлақ спортшылар көп. Бүгінгі күні бұл қатарға Нұрымжан Серікұлы да қосылды.24-26 маусым аралығында дзюдодан М.Мәметованы еске алуға арналған Халықаралық турнирде жерлесіміз топ жарып,дзюдодан ҚР спорт шебері атанды.

Бұған дейін аудан бойынша Махметов Тілек пен Сейтов Сержан сынды палуандар дзюдодан спорт шебері атанса,араға 10 жыл салып Нұрымжан алдыңғы толқынның жетістігін қайталап отыр. Габбасов Нұрымжан бірнеше дүркін облыс, ауданымыздың түйе балуаны. 2016 жылы Ашхабадта өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. Самбодан бірнеше дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы. Спорт шебері атану кез келген жанға бұйырмаған бақ.Бұл жолда Нұрымжанға тура жолды бағыттап, спорт әлемінің қыр-сырын меңгерте білген бапкері Ержан Чукуровтың да еңбегі зор екендігін атап өткен жөн.Аудан намысын халықаралық деңгейде қорғап жүрген Нұрымжанға спорт әлемінде қанатың талмай, әлі талай белестерді бағындыруыңды тілейміз!