Ағымдағы жылдың 28 мамыр-22 маусым күндері аралығында жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп жанынан 5-8 сынып оқушыларына арналған «Полиглот» бейіндік лагері өткізілді.

Жоспарға сәйкес оқушылар орыс тілі, ағылшын тілі, математика, химия, биология, география, тарих, информатика, робот техникасы бойынша өз білімдерін шыңдады. Лагердің соңғы күні оқушыларға Орал қаласына біркүндік экскурсия ұйымдастырылды. Атап айтсақ, облыстық тарихи-өлкетану, рухани жаңғыру музейлеріне, жас натуралистер станциясына, қалалық мәдени-демалыс саябағына барып, серуендеп қайтты. Осы экскурсияға баруға жеке кәсіпкер Джангужиева Алмагүл Мувараковна демеушілік жасап, демалушыларға зор қуаныш сыйлады. Өз кезегінде оқушылар демеуші апаларына алғыс айта барып, өз қолдарынан жасалған алғыс гүлін сыйлады.