«Цифрлық Қазақтсан» мемлекеттік бағдарламасының аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға байланысты ауданымызда ағымдағы жылдың маусым айынан бастап аудан тұрғындарын оқыту басталды. Қазіргі таңда 100 ден астам аудан тұрғындары цифрлық сауаттылыққа байланысты дәріс алды. Халықтың цифрлық сауаттылығын ашу бойынша оқытулартөрт деңгейден тұрады: 1) базалық, компьютерді, мобильді гаджеттерді қолдана білу дағдысы, интернетте ақпараттарды іздей білу, қауіпсіздік және мәліметтерді қорғау; 2) ақпараттық дағдысы, ол - «Электронды және Ашық үкімет» сервистерін пайдалана білу; 3) транзакциялық дағды, қызметті алу және төлеу сервистерін қолдана білу; 4) интернетте тауарды және қызметті сатып алуға, сатуға, жүргізуге байланысты дағдылар, яғни электронды сауда дағдылары.

 Бұл жұмыстар тамыз айының аяғына дейін жалғасын табатын болады. Цифрлық сауаттылықа байланысты оқуға ниет білдіруші аудан тұрғындары болған жағдайда 8(71134)31163 телефон нөміріне хабарласып жазылуға болатыны туралы хабарлар етемін. Оқыту тегін өткізіледі.