Қазақстандағы табиғи өрттердің не­гізгі
түрлері жасыл желектің – ор­манның, орманды
даланың және да­ланың (алқаптың) өртенуі.

Өрт – аса қауіпті тілсіз жау, ол эко­но­микаға үлкен материалдық шы­ғын келтіріп, адамдардың өміріне қа­уіп төндіреді. Өрт жаздың қатты ыс­тығында, ұзақ уақыт жауын жаумай, құр­ғақшылық болған кезде жиілеп, орманды және дала алқабының өр­тенуіне шөптің өздігінен жануы бас­ты себеп болады. Мұндай өрттің да­ми түсуіне күшті жел тіпті әсер ете­ді. Өрттің пайда болуының бір ден бір себебі ақаулы техниканы пай­даланудан болады. Жер заңнамаларына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар:

1) жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде - жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға;
2) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндiрiс технологияларын қолдануға, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесiнде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге;
3) осы Кодекстiң 140-бабында көзделген жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;
4) жануарлар дүниесiн, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтауға, жер учаскесiнде орналасқан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени мұра объектілері мен басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге;
5) жер учаскесiнде шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтауға;
6) басқа меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
7) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны сыдырып алуға жол бермеуге міндетті;

Сонымен бірге, жалға беруші мен жалға алушы арасында жасалатын жер учаскесін жалға беру туралы келісімшартының талаптарында жалға алушы жерді өз мақсаты бойынша және аталған келісімшартта қарастырылған тәртіпке сәйкес пайдалануға міндетті екені жазылған.
Сондықтан, жер пайдаланушылар, яғни жер пайдалану құқығына ие болған ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары пайдалануындағы жерлерді қорғауға міндетті. Әсіресе дала өрті көп орын алатын жазғы маусымдарда.
Жоғарыда баяндалған жер заңнамаларының міндеттерін орындауға, оны сақтауға ауданның ауыл шаруашылығы құрылым басшыларының жауапкершілігінде екені ескертіледі. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 93-бабына сәйкес жер учаскесін немесе оның бір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.   

Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді ая­май­ды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.

 

Сырым аудандық жер
қатынастары бөлімінің басшысы                                             Ө.Уашев