Аманат 2016 жылы В.И.Шубин атындағы орта мектепті тәмамдап, Орал сервис технологиялық колледжіне оқуға түсіп, оқуын бітірместен, 2017 жылы әскери қызметін өтеуге сұранды. 
Аманат – отбасындағы жалғыз ер азамат, анасы мен әжесі бар. Соған қарамастан, әскерге баруды міндеті деп ұғынды. Оқу-жаттығу жұмыстарын Бейнеуде өткізіп, сол жерде шекара қызметінде жүргізуші болып әскери қызметін өтеді. 
Әскери қызметте белсенді болғаны үшін Аманат Галиев Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ІІ дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Анасы Балжан Марксқызына «Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің әскері атағына лайық, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған ержүрек, тәрбиелі ұл өсіріп, ұлының жауынгерлік қызметті адал, тәртіпті, жауапты атқарғаны үшін» 2087 әскери бөлімінің подполковнигі О.Васильевтен алғыс хат келді. Ана үшін бұдан асқан бақыт болар ма? Аманат Кәрімұлы әскерден салмақты, қырағы, төзімді болуды үйренді. Анасы Балжан киімін жуып, үтіктеп беретін күндер арман болып, ананың қадірін ұғына түсті. Киімін жуып, өзі қырын шығара үтіктеп, тіпті бұрын қолына алып көрмеген ине-жіпті ұстауға тура келгенін Аманат әскери өмірдің бір пайдасы деп санайды. 
Жігерлі, намысшыл, мақсатшыл Аманат енді әскери қызметке орналасып, жемісті еңбек 
етуді қалайды