Кешегі күні "Достық" лагеріне Батыс Қазақстан облысы туризм орталығының қызметкерлерінің бастауымен ''Рухани жаңғыру'' бағдарламасы жəне Астананың 20 жылдық мерей тойы аясында Орал-Ақтөбе-Қостанай-Есіл-Астана маршрут бағыты бойынша веложорыққа аттанған веложорықшылар тоқтады. Лагерь демалушылары веложорықшыларды қошеметтеп қарсы алып, кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш барысында оқушылар сұрақтарын қойып,өз тілектерін білдірді. Аталған 20 күндік веложорыққа Сырым аудандық жас туристер станциясының қосымша білім беру пелагогы Ажиғалиев Сырым қатысуда. Веложорықшыларға сəтті сапар, ақ жол тілейміз.