Өткен жолы хабарлағанымыздай, А.Жұмағалиев және Бұлдырты орта мектебінің оқушылары көктем айында облыстық "Жас құтқарушы" жарысында топ жарып республикалық кезеңде облыс намысын қорғады. 10-12 шілде аралығында Көкшетау қаласында оздырылған республикалық кезеңінде жас құтқарушыларымыз "Стенгазета" аталымы бойынша 1 орын, "Поисково-спасательные работы" аталымы бойынша 3 орынды иемденіп, қорытынды есеп бойынша 5 орынға табан тіреді. Осы байқауға дайындаған жетекшілердің еңбектерін атап өткен жөн.Жетекшілері "Жас туризм станциясы" үйірме жетекшісі Р.Сүйінішқалиев пен Бұлдырты орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Е.Әбдіғалиев.Жерлестерімізге алдағы уақытта да тек биік шыңдардан көріне берулеріне тілекшіміз!