Футболдан "Былғары доп" ұлттық мектеп лигасынан Сырым ауданы атынан Қ.Мырзалиев орта мектебінің құрамасы облыстық кезеңде жүлдел1 орын алып, Семейде өткен республикалық кезеңде облыс намысын қорғап, жүлделі 2 орын иемденді. Жетекшілері Қ.Мырзалиев орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Чукуров пен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол жаттықтырушысы Р.Чукуров. Жас футболшыларымызға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз.Алға, жас қырандар!