БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының келушілеріне бүгін қазақ эстрадасы мен телевидение жұлдыздары мемлекеттік қызметтерді көрсетті. Азаматтарға арналған үкімет бір күнге ҚыдырәліБолманды, ҚұрмашМаханды, ҒаниЖапишевті, Шахаризат Сейдахметованы, АйжанНұрмағамбетованы, Марат Омаровты, Мырзахан Махановты және Әзімбек Байлинды «жұмысқақабылдады». Шоу-бизнес өкілдері электрондық кезек талондарын, ақпараттық анықтамаларды және дайынқұжаттарды беріп отырды.

«Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні» атты іс-шара бүгін бір мезетте Ақмола облысындағы Ақмол ауылында, Алматы облысының Қаскелен қаласындағы фронт-офистері мен Алматы қаласының Медеу аудандық ХҚО-да және Астана қаласының мамандандырылған ХҚО-да өтті. Қызметалушылар өзкумирлерінің қолынан анықтамалар алыпқана қоймай, олармен суретке түсу мүмкіндігін де жіберіпалмады.

Мысалы, Шахаризат Сейдахметов мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында автокөліктердің дайын нөмірлік белгілері мен техпаспорттарын беріп отырды. "Адамдармен жұмыс істеу қашанда қиын. Келушілер әртүрлі. Біреулер оң көзқараспен келсе, кейбіреулер бірден негативті көңіл күйде болады.  Бұндай халық легін игеру үшін өзің аздап психолог болуың керек. Еңбастысы әрқашан күлімдеуді ұмытпаған жөн", - деді әнші.

Белгілі тележүргізуші Ғани Жапишев анықтама секторында тұрып өзін кеңесші рөлінде сынап көрді.  "Мен үшін бұлбір жаңа тәжірибе болды.  Кеңесші болған екі сағат ішінде мен шынайы стрестік жағдайда болдым және ХҚО қызметкері жұмысының қаншалықты ауыр екендігін түсіндім. Мұнда тек білікті маман болып дұрыс кеңес беру аздық етеді екен, себебі келушілер әртүрлі, олардың түрлі мәселелері мен түрлі көңілкүйлері маманннан қарым қатынас жасаудың жоғары біліктілігін талап ететіндігін" – Ғани атап айтты.

Азаматтарға арналған үкіметтің 314 фронт-офисінде 8 818 адам қызмететеді. Бұл аптасына алты күн сағат 9-дан  кешкі 8-ге дейін талмай еңбекетіп халыққа мемлекеттік қызметтерді алуға көмектесетін адамдар.  Бүгінде ХҚО арқылы 600-ден астам мемлекеттік қызметалуға болады. Біржылда орта есеппен алғанда азаматтар 38 миллионнан астам қызметті халыққа қызметкөрсету орталықтарынан алады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Баспасөз қызметі