Бүгін аудандық жұмыспен қамту орталығы мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйі фойесінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Айтып кетейік, бос жұмыс орын жәрмеңкесі 3 рет өткізіліп отыр.Бұл туралы халықты жұмспен қамту ортлығының директоры С.Иманғалиев айтып өтті. "Нұр Отан " партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасар Т.Дарғожиев бүгінгі бос жұмыс орын жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы мен педагогикалық бағыттағы мамандықтар бар екендігін тілге тиек етті.

Аталған жәрмеңкеде 27 жұмыс ұсынушыдан 122 жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» және «Аймақтарды дамыту» бағдарламаларының белсенді шаралары бойынша жұмысқа жолданғандар-11, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға-12, жастар практикасына-7 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1 адам жолдама алды.

Бұның сыртында, ұсынылған жұмыс орындарына конкурстық негізде орналастырылуына байланысты жұмыс берушілерден кеңестер алды.Аудандық халықты жұмыспен қамту және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталғының кеңесші мамандары несие алу, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөнінде түсініктер беріліп, арнайы жадынамалар таратылды.

МАРХАТ ТҰРЛАНҚЫЗЫ